Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Екібастұз, Риддер, Рудный және басқа да бірқатар қалалардағы ірі коммуналдық апаттарды саладағы «жүйелі проблемалардың заңды нәтижесі» деп атады.
Қазір жылу-электр станциялары мен электр желілерін ауқымды тексеру жұмыстары жүріп жатыр, олар осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы керек.
Еліміздегі электр желілерінің тозуы 50 пайыздан асады. Бұл – орташа көрсеткіш. Ал кейбір өңірлерде тозу көрсеткіші 80 пайызға жетіп отыр.
Жылу-электр орталықтарының жағдайы бұдан да сорақы.
Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Мәулен Әшімбаев:
«Жалпы электр станцияларының негізгі жабдықтарының тозуы 57 пайызға жетіп отыр. Ал жекелеген өңірлерде бұл көрсеткіш 88 пайыз деңгейінде. Жыл сайын жылу-электр орталықтарының тозуы артып келеді, қазіргі таңда 66 пайызға жетіп отыр. Жекелеген өңірлерде жылу-электр орталықтарының тозуы 90 пайыздан асады»,
деді.
Сенат спикері Мемлекет басшысының «Инвестициялардың орнына тариф» бағдарламасы есебінен генерациялаушы қуаттардың тозуын төмендету туралы тапсырмасын еске салды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…