Categories: Қоғам

Жер сілкінсе де, Стамбұлдағы «апаларымыз» дым болмағандай ақылын саудалап өліп бара жатыр – Әсем Ережекқызы

Түркияда білім алып жатқан Қазақ елінің студенті, “Болашақ” халықаралық бағдарламасы стипендиаты Әсем Ережекқызы Түркияда болған ілзалаға және «кейбір» қазақтардың қылықтарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қазақ қызын адамдардың қиын кезеңдегі әрекеті ойландырған. Автор өз жазбасында адамгершілік тақырыбын сөз етеді.

“Болашақ” халықаралық бағдарламасы стипендиаты Әсел Ережекқызы өз жазбасы:

Canım Türkiyem… Сілкініс таңға дейін толастаған жоқ. 52 минут бұрын ғана 500 сілкініс тіркеліпті. Түнімен көз ілмей жаңалықтарды аңдып отырмыз. Стамбулдағы ”апаларымыз” болса дым болмағандай “сы-сы-сы” деп тікелей эфир өткізіп, өздерінде жоқ ақылды аңқау жұртқа саудалап өліп бара жатыр. Айналасы астаң-кестең болып жатқанда қалай ұялмайды екен… Ұлтымызға ұят әкелетін шіріктер-ай…

деп Әсел Ережекқызы.

Автордың жазбасына оқырмандар пікір қалдыруда:

Ол апаңдікі— нағыз «Атың шықпаса — жер өртенікі». Орта жасқа келіп қалды, енді осы бір әрекеттері үшін, атын тіпті естімесек, жөн болар еді. Баяғы алғашқы атақ-абыройы биік еді-ау!

Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деп осындайларға айтқан шығар дана халқым;

Әсем қыз, аман-есен бол, апайларыңа дауа жоқ;

Өте дәл айттың;

Ковид-19 да миллиондарын салып тыныс аппараттарын елге жіберген көмегін тез ұмыттыңдар ма?

деп жазды оқырмандар.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago