Фото: ашық дереккөзден
Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заңға сәйкес, қабылдап алушы ата-аналар бала он сегіз жасқа толғанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық органдарына қабылдап алынған баланың тұрмыс жағдайы, білімі, тәрбиесі және денсаулығы туралы есеп беруге міндетті.
Жетім балаларды отбасына орналастыру мәселелері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының және жетім балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру мен бірыңғай бақылауды Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жүзеге асырады.
Қазіргі таңда Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында жетім балаларды отбасыға орналастырудың баламалық нысаны ретінде қабылдаушы кәсіби отбасы институты енгізіледі.
Заң жобасына сәйкес, қабылдаушы кәсіби отбасылар психологиялық дайындықтан, қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан аккредитациядан өтіп, балалар анықталғаннан кейін тәуліктің кез келген уақытында денсаулық жағдайына қарамастан бірден қабылдайды.
Премьер-министр орынбасарының пайымынша, қабылдаушы кәсіби отбасыларды енгізу балаларды қолдау орталықтарындағы тәрбиеленушілер санының төмендеуіне ықпал етіп, олардың қызметі балаларды тәрбиелеу мен күтіп бағудан кәсіби отбасыларды сүйемелдеуге және осы отбасыларға берілген балаларды бақылауға бағытталады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…