Оқиға

Жетісу облысында есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы қыз ұсталды

Жетісу облыстық полициясы мен ұлттық қауіпсіздік департаменті облыстық прокуратураның келісімімен синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді.

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Алматы облысы Іле ауданындағы саяжайда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы алматылық қызды анықтады.

“Жауап алу кезінде қыздың Telegram арнасы арқылы жоғары жалақы алатын жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Саяжайды тінту кезінде 44 келіге жуық мефедрон мен 2 келіге жуық синтетикалық «пирролидиновалерофенон – альфа-ПВП», реагенттер мен есірткі заттарын өндіруге қажетті заттар, сондай-ақ 28 000 доллар (12 миллион теңге) ақша табылып, тәркіленді”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция басқармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Тәртіп сақшылары 45 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл 90 мың бір реттік дозаға тең. Дәрілердің құрамы тиісті сараптама арқылы расталды. Есірткі заттарды заңсыз дайындау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, есірткі Қазақстанда сатуға арналған.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago