Оқиға

Жетісу облысында әкім оқушыны қағып өлтірді

Жетісу облысында ауыл әкімі ұл баланы көлікпен қағып өлтірді.

Қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова рөлде болған. Оқиға орнына келген Полиция департаментінің қызметкерлері мерт болған оқушының 12 жаста екенін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  ақпараттық агенттігі.

Оның өліміне әкім Бақтиярова Әлия Маратқызы кінәлі. Ол Ескелді ауданы Биғаш ауылының маңында 2 қарашада кешке баланы көлікпен қағып кеткен. Соның салдарынан 9-сыныпта оқитын Асыл Тұрсынбай апат орнында қайтыс болды. Көліктің рөлінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова болған,

деді белгілі журналист, қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова.

Ал апат орнына келген полиция қызметкерлері хаттама толтырып, көлікті айыппұл тұрағына қойған. Қоғам белсендісі ұл баланы қағып өлтірген әйелдің тіптен уақытша ұстау изоляторына қамалмағанын жазды. Мезгілсіз қайтыс болған оқушы демалыс күні жер қойнына тапсырылды.

12 жастағы жасөспірім Hyundai Greta көлігінің дөңгелегіне түсіп қайтыс болды. Машинаны 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Аталған оқиға бойынша сараптама тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Шетел көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты болған жол апаты облыстық полиция басқармасынның өндірісіне алынды. Қамауға алу туралы полиция емес, сот шешім шығарады,

деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Әлия Бақиярова 2014 жылдан бастап лауазымды қызметке тағайындалған. Ол Көксу ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago