Резиденциясы балалар сауықтыру лагері болып қайта жабдықталыпты.
⠀
Жетісу облысында Алакөл ауданы әкімдігінің бұрынғы резиденциясының ғимаратында 6 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы сауықтыру лагері ашылды. Енді жазғы кезеңде ерекше қажеттіліктері бар балалар Алакөл көлінің емдік суларында өз денсаулығын нығайта алады.
Маусым барысында өңірдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам баланы қамту жоспарлануда,
деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев осы жылдың ақпан айында аудан тұрғындарымен кездесу барысында Ақши ауылында, жағалауда орналасқан нысанды қайта жаңарту туралы тиісті тапсырма берген.
Бастама халықтың қолдауына ие болды,
деп қосып қойыпты әкімнің баспасөз қызметі.
Орталықта мүгедек балалардың жеке, әлеуметтік, шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында аумақты ағымдағы жөндеу және абаттандыру жүргізілді, бассейн салынды.
⠀
Орталық аумағында барлық қажетті жабдықтары бар асхана жұмыс істейді, ашық аулада балалар ойын алаңы салынды, балаларға арналған және басқа да жиһаздар сатып алынды. Қауіпсіздік мақсатында алғашқы медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етілді, бейнебақылау камералары, өртке қарсы дабыл және өрт сөндіру құралдары орнатылды. Ғимарат пандустармен жабдықталған. Әлеуметтік нысанды қайта жаңартуға жергілікті бюджеттен барлығы 38,2 млн. теңгеден астам қаражат бағытталды.
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…