Categories: Оқиға

Жетісу облысындағы сел: 21 үй су астында қалды

Жетісу облысында қатты селдің салдарынан келген шығынды есептей бастады. Ескелді ауданындағы бірнеше ауылдың үйлері су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев су басқан үйлерді аралап, тасқынның салдарын өз көзімен көрді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көбінің үйі, көлігі мен үй жануарлары су астында қалып қойған.

Тұрғындардың басым бөлігі несиеге баспана мен құрал-жабдық алғандықтан, жергілікті биліктен барлық қажетті көмекті беруді сұрап отыр. Облыс әкімі әуелі барлық шығынды есептеу керегін айтты.

Бір апта ішінде тәуелсіз сарапшылардың көмегімен барлық шығынды есептейтін комиссия құрылды. Бірінші кезекте үйлері су астында қалғандарға көмектесеміз,

деді облыс әкімі тұрғындармен кездесуінде.

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысында бірде-бір үйді су баспағанын хабарлады. су басқан үйдің жоқтығын хабарлады. Өңір әкімі Бейбіт Исабаевқа дайындалған анықтамалық ақпаратта дерек басқаша келтірілген. Ал негізінде барлығы 120 ауланы жаңбыр суы басқан, оның ішінде екі елді мекендегі 21 тұрғын үй бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago