Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңге.
Жетісуда бір тоннадан астам заңсыз ауланған балығы бар фургон ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарқан ауданы Лепсі-Көкжиде автожолында тексеру үшін тоқтатылған Volkswagen Crafter автокөлігінен үш түрлі балықтан тұратын заңсыз жүк табылды. Көлікті облыстың 32 жастағы тұрғыны басқарған, ер адамда балық аулауға рұқсат қағазы болмаған.
Салоннан 1167,6 келі қарақұйрық, көксерке және қаракөз балығы табылды. Табиғат пен мемлекетке 3 миллион теңгеден астам шығын келтірілген,
дейді Жетісу облысы ПД табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Жиналған материал Балқаш-Алакөл облысаралық балық инспекциясының қызметкерлеріне тапсырылды. Күдіктінің жауапкершілігін сот айқындайтын болады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…