«Жезөкшеліктен хиджабқа»: Мөлдір Әуелбекова жала жапқандарға жауап берді

БАҚ беттерінде “Жезөкшеліктен хиджабқа” деген жазумен отандық шоу-бизнес өкілдері Айдана Меденова, Алтынай Жолдыбаева және Мөлдір Әуелбекованың суреті бар постер жарияланды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соңғы кездері танымал адамдардың хиджаб киюі даулы мәселеге айналды. Дінге бет бұрған қазақстандық отандық жұлдыздар да аз емес. Солардың бірі Мөлдір Әуелбекова. Өнер иесі “Жезөкшеліктен хиджабқа” деген жазумен өзінің суреті бар постерді желідегі парақшасында жариялап, өзін “ақша үшін тұмшаланды” деп айыптағандарға жауап берді.

Алланың атымен бастаймын! Ескертемін! Бұл жалған дүниеде, менің арымды таптағандарың үшін, маған осындай ауыр жала жапқандарың үшін, сендерді сотқа беріп, уақытым мен жүйкемді бос кетірмеймін. Көркем сабырмен сабыр етіп, Алланың сотын күтемін! Бірақ, естеріңде болсын, ақыретте сендердің (осыған қатысты) әрқайсысыңнан өз ақымды алатынымда күмәндарың болмасын! Алла әділ, әрі оның есебі түгел! Адам асыққанымен, Алла асықпайды,

деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Отандық эстрада жұлдызының бұл жазбасын өнердегі әріптестері мен оқырманы қолдап, айыптаушыларды жазалауға кеңес берді.

“Бәрін орынды жазыпсыз”, “Бұларды сотқа беріп орнына қоймасаң білгенін істейді”, “Ақылмен шешіпсіз”, “Соттаспайсыз ба, жауап берсін”, “Негізі сотқа беру керек”, “Алладан қорықпай сөйлетіндерден қорқу керек”, “Артық әңгіме айтпасын”, – деп жазды желідегілер.

Бұған дейін танымал тележүргізуші Динара Сәтжан блогерлерге тұмшаланғаны үшін қыруар ақша ұсынылатыны жайлы жазған болатын

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

16 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

16 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

17 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago