Қоғам

Жезөзекшелікке итермелейтін жеңгетайлар көбейіп кетті

«Жеңгетайлық» – кәдімгі кәсіп көзі, жеңіл жолмен арам ақша табудың бір әдісі. Қоғамдағы азғындық.

Олар бар арамдығын интернет арқылы жүзеге асырады. Алдымен жалақысы жоғары жұмыс ұсынады, жұмысқа қабылдауға сұқбат жүргізеді, кейін сымбаты мен фигурасына қарап таңдап алады. Әлгі қыздарға «әдемі» өмірге жетелейміз деп құр уәде беріп, басын айналдырады. Әрине, жап-жас қыз қысқа мерзімде қомақты ақша тауып, арамандарын лезде орындағысы келеді, ата-анасының мақтанышы болғысы келеді, достарының алды болуға тырысады. Келіспей қайда барады? Миллиондап ақша табатын жұмыс жоқтың қасы.

Қоғамда белең алып бара жатқан жеңгетайлық бақылауға алынса да, оның түп-тамыры жойылмайды. Анықталған фактілерден бөлек, жасырын қызметтерін жүргізіп келетіндері қаншама. Жемқорлық өршіп тұрғанда, олардың қылмысын жасырып отыратын өзіндік «крышалары» бар болуы мүмкін. Олар да құр алақан қалмайды ғой.

Статистика бойынша Қазақстанда бірінші жартыжылдықта жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру жағдайы 17,6%-ға артқан.

Жақында Алматыда «элиталық эскортшылар» желісінің ұйымдастырушысы ұсталды. Олар Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және «эскорт-сүйемелдеу» қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен «жеке» секс-кештер ұйымдастырумен айналысқан.

25 жастағы ұйымдастырушының әлуеметтік желідегі парақшасында 100 мыңға жуық оқырманы бар. Суреттеріне қарасаң,  астында қымбат бірнеше көлік, үстінде қымбат киім, жегені артында, жемегені алдында. Кез-келген жас қыздың арманы. Секс-бизнесті ұйымдастырушы өз қызметін жасыруға тырысқан. Өзін табысты модель әрі блогер ретінде көрсеткен. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген.

Алайда, арам жолмен табылған ақша жақсылыққа әкелмейді.   

Ол қыздарға «демеушілерді» табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ долларын құраған. Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40%-ын өзіне алып отырған. Ал қалғанын қызмет көрсеткен қыз алған. «Кездесудің» құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген.

2022 жылғы табысы – 209 миллион теңгеден асады.

Тінту барысында күдіктіден қылмыстық «бизнес» туралы жазбалары бар күнделік, жаңа және сатып алынатын жылжымайтын мүлікке құжаттар, ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары бар қалта айнасы, есірткі заттарын тұтынуға арналған бұралған ақша, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автомашиналар, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм болатын «мефедрон» табылып, тәркіленді.  

Енді ол 15 жылға темір торға қамалады.

Қостанайда 39 жасар әйел әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы қалалық колледждердің бірінен жас студенттерді жезөкшелікпен айналысуға тартып келген. 10-нан астам қыз алданып қалыпты. Ол интим қызметтерін жалдамалы пәтерлерде ұйымдастырып келген.

Сорақысы мынау:

Атырау облысында әйел туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. 2021 жылғы мамырда күдікті 25 жастағы туған сіңілісін Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, содан кейін Атырау қаласына алып келіп, азық-түлік дүкенінде сатушы ретінде жұмысқа шақырған. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып, физикалық күш көрсетіп, оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Негізі бұндай жағдайға көбінесе кәмелетке толмаған қыздар тап болады. Туғандары жаман жолға салып жатса, басқаларынан не күтуге болады?

Polisia.kz мәліметінше адам саудасына байланысты қылмыс өршіп барады. 19 қыркүйектегі ақпарат бойынша осындай 30 қылмыс анықталған.

Оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасының үш фактісі, жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың үш фактісі, адам саудасының екі фактсі, адам органдары саудасының екі фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың үш фактісі, оның ішінде кәмелетке толмағанды тартудың бір фактісі бар.

Жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 17 фактісі анықталды.

Сонымен қатар жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайларды жалға бергені үшін 56 және интимдік қызметтер ұсыну мен қайыр сұраумен байланысты тиіскені үшін 475 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago