«Жигули Дайрабаев ары таза азамат» депті әріптесі Анас Баққожаев деген депутат.
Бұл – біздің қоғамның әбден деградацияға ұшырап азып-тозғанының белгісі, дейді сарапшы Қуаныш Еділхантегі.
Қараңыз – екі баласы сот шешімімен мемлекеттік субсидияны талан-таражға салады, ал оның әкесінің ары таза адам?
Ал осыны қалай түсінуге болады?
Өсек-аяң емес, өйткені сот шешімі бар. Жарайды, апелляция жазып, қайта тексеру арқасында кінәсіз болып шықты делік. Сонда да бұл тіпті менің ақылыма сияр емес. Ау айналайын-ау, ар соты деген бар емес пе? Мораль дегеніміз қайда қалды? «Балаларым өздері өз істеріне жауап береді, менің қатысым қанша?» – деді-ау әлгі президенттікке кандидатымыз. Масқара емес пе? Оларды тәрбиелеген кім сонда? Жазатайым ол президент болып сайланып кетсе не болар еді? Менің айтарға сөзім жоқ,
дейді ол.
Демократия дегеніміз де оңып тұрған жоқ, бірақ одан артық әзірге адамзат баласы ештеңе ойлап таба алған жоқ деп еді бір белгілі адам (кім екенін ұмыттым). Ондай қоғамда ел басқаруға кандидат адамның барлық жағы – денсаулығы, адамдық бейнесі, отбасы жағдайы, іскерлік қабылеті, т.с.с. мүмкіндігінше бәрі-бәрі ескеріледі. Ол жөнінде есептер баспасөзде жарияланып, қоғамда қызу талқыланып жатады.
Ал бізде отбасын келістіре алмай ажырасып жүрген, немесе қазақша қақпайтын, немесе белі шойырылған ақсақ-тоқсақ біреулер ел басқарып жатады. Олардың денсаулығы терең құпия.
Ал Байденді қарайықшы – ол сәл тұмауратса, не аяғын шалыс басып сүрінсе, бүкіл қоғам қызу талқылай жөнеледі, дәрігерлер есеп беріп жатады. Әрине, бәрін бірдей ескеру мүмкін емес,
арасында Трамп сияқты алаяқтар да өтіп кетіп жатады.
Демократия да идеал емес деп сол үшін айтқан болуы керек әлгі кісі.
Қалай болғанда да біз демократияға ұмтылуымыз керек, депутаттарымыз да шама келгенше кіршіксіз таза адамдар болғаны дұрыс. Ал анадай ұятсыздар есі дұрыс адам болса өз еріктерімен кетулері керек қой, әйтпесе оларды кетірейін деп жатқан билік көрінбейді, өйткені өздері де ұяттан безгендер, дейді Еділхантегі.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…