«Жоғарғы Сот өздеріне пайдалы заң шығарып, халықтың аузын жаппақшы» – заңгер

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек тағы да дабыл қақты. Бұл жолы ол Жоғарғы сотқа қатысты мәселе көтерді. Заңгердің жазуынша, Жоғары Сот өздеріне пайдалы заң шығарып, сол арқылы халықтың «аузына құм құймақшы». 

Осылай деп желі қолданушыларының назарын өзіне аударған ол көпшілікті үнсіз қалмауға шақырды.

«Жоғарғы Сот халықтың аузын өздеріне пайдалы заң шығарып жаппақшы! Әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде соттардың шешімдерін талқылауға болмайды. Ол үшін енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз әбден мүмкін. Қылмыстық кодекстің 407 бабы арқылы… Жоғарғы Сот «Соттың қызметіне араласуға  болмайды» деген сылтаумен халықтың үнін өшіргісі келеді!

«Жаңа Қазақстан» – Әділетсіз заңдар шығару арқылы құрылмайды! Бұл заң қабылданатын болса, Соттардың әділетсіз  шешім шығарғаны шығарған!

Қазір үнсіз қалсаңыз, ертең балаң, туысың, жақының әділетсіз қамалып кетіп жатса, алдыма жылап келме! Елдің болашағы үшін қазір үніңді қос! Үнсіз қалмаңыздар, бұл заңның шығарылуына жол бермеу керек! Бұл заңды халық талқысына тастасын! Қазақ тілінде бұл заң жобасы неге жоқ?

деп жазды Айгүл Орынбек.

Заңгердің бұл жазбасы аз уақытта көпшілікті елең еткізді. Пост астында оған қолдау білдіріп, пікір қалдырғандар көп.

«Халықаралық ұйымдардан көмек сұрауға мәжбүр етiп тұр. Адамдардың Конституциялық құқығы бұзылып тұр», «Қабылданатын заңына, қарсымын. Соттың заңсыз шешімі, БАҚ бетінде, талқылануы тиіс», «Сот шешімі талқылануы керек», «Масқара, қандай мемлекет болдық… Мұндай заң қабылдауға ҚАРСЫМЫН!» — десті көпшілік.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago