Жоқшылық қылмысқа итермелейтін заман болды

Қостанайда 45 жастағы қала тұрғыны зейнеткердің алтын әшекейлеріне қызығып, оны 15 жерден пышақтап өлтірген. Осы оқиғаға қатысты сот отырысы басталды.

Айыптау актісіне сәйкес, күдікті әйел зейнеткерді аңдып үйіне дейін барған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде оның кеудесіне және мойынына бірнеше рет пышақ сермеген. Соның салдарынан зейнеткер оқиға орнында қаза тапты. Ал күдікті сол жерде марқұмның алтындарын алып кеткен.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2 бөлігі және 192-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша айыпталып отырған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 26 желтоқсанға тағайындалған.

Ұқсас оқиға Ақтөбе облысында орын алды. Алға ауданы Қарабұлақ ауылының әкімі Ернар Махамбетовті өлтіріп кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әкімнің пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқанын айтты. Аудандық ауруханаға жеткізген кезде оның көз жұмғаны белгілі болған.

Оқиға 12 желтоқсан сағат 00:50-де болған. Шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болған. Оның барысында фермер жәбірленушінің ішіне пышақ салған. Оқиғаның салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, күдікті қамауға алынды.

Айта кетейік, Ернар Махамбетов 1986 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің жетекші маманы болып бастаған.

2014 жылы Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппаратында бөлімше басшысы міндетін атқарған.

2019 жылдың 2 сәуір айынан бері Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімі болып еңбек етті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago