facebook.com/sarsenphoto
«Өткенде Оңтүстік Кореядан келген 30 шақты туристпен бірге 4 күндік фотосапарда бірге болдым», деп жазған екен фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлы.
Жазбасында былай депті:
Сонымен 33 адам 4 «газелге» бөлініп Алматыдан шықтық, бағытымыз Көлсай, жолда Шарынға соғамыз, жол бойы кезіккен малшыларды түсіреміз, кеш бата Көлсайға қонамыз. Бізді тасып жүрген 4 «газел» қырғыздан келді, себебі біздегілер 4 күнге миллионнан көп ақша сұрапты.
Біздің бір әдетіміз, реті келсе жеп қалу, көп ақша жасап қалу.
Қызықтың көкесі Көлсайға барғанда болды.
Постта бір сағат тұрдық, ол жерде адам басына төлеген ақшаңыз түнгі 12-ге дейін жарамды болады екен, 12-ден бұрын шығып кетпесеңіз тағы 845 теңге төлейсіз. Туристердің кәсіби фотоаппаратын көрген қорық қызметкері «ойбай мынаның бірінде кәсіби фотоаппарат бар екен, әр фотоаппаратқа 20 мың төленеді» деп тағы әлек салды. Шыны керек, ана туристерден ұялып кеттім.
3 күн «Көлсай гранд» деген қонақ үйде жататын болдық, сапардың екі күнін Түзкөлге арнамақпыз, түнгі 1:30-да жолға шығып, таң атпай Түзкөлге жетіп алуымыз керек. Кеште қайтадан Көлсайдағы қонақүйге қайтамыз, себебі тым болмаса Кегенде дұрыс қонақүй жоқ.
Сонымен қырғыз ағайындардың айтқаны, «сендерде қызмет көрсету жоқ екен» деді. «Жолдарың анау, қазақ үйлерің мынау, ішінде шетелдік турист көретін ештеңе жоқ. Асүйлерің міне, келгелі бері бір ғана салат, тауда тұрып тауық етін жеп жатырмыз. Қырғызстанда бәрі бар, туристер кез-келген жерге бара алады, кешегідей ақша алып кіргізбейді, тамақтану жағынан да қиналмайсың».
Мемлекеттен қыруар ақша алатын «Қазақтуризм» деген мекеме не істеп жүргенін білмедік.
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…