Categories: Қоғам

Жолдарға қарсы көліктің жарығынан қорғайтын экран қойылады

Жауапты мекеме арнайы пластиналарды бұрылыстарға, жоғары көтеріліп, ылдилайтын жерлерге қояды.

Мамандар республикалық маңызы бар Самара — Шымкент және Алматы — Ташкент — Термез тас жолдары мен Күйік, Қордай асуларына жүргізушінің көзіне шағылысып, кедергі болатын шам жарығынан қорғайтын 40 мың экран орнатты.

«Қазавтожол» экрандар бөлу жолағы бар жолдарда, бұрылыстарда, өрге көтерілетін және ылдилайтын, сонымен қатар жарық шамы жоқ жерлерде тұратынын айтты. Олар қарсы беттегі көліктердің жарығын бұғаттайды. Соның арқасында қараңғы уақытта трассадағы қозғалыс біршама қауіпсіз әрі жайлы болады.

Жол мамандары жақында көлік көп жүретін Алматы — Қорғасы тас жолы мен «Бурабай курорттық аймағының жолына» да қорғаныс экранын орнатады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago