Categories: Саясат

Жолдаудан кейін халықтың жағдайы жақсарып кете ме?

Қазақстанда экономикалық әділдік деңгейі жақсарып келеді. Оны Джини индексі есептейді. Соңғы рет коэффицент 2019 жылдары жаңарып, онда Қазақстанның индексі 27,8 пунктті көрсеткен. Бұл шамамен Австрияның деңгейі. Енді 2022 жылдары индекс жаңарса, бізде ресми түрде әділдік деңгейі артып, байлар мен кедейлер арасында алшақтық қысқара түседі. Біз шамамен 25 пункт алып, әділ елдер арасына кіре аламыз, деп жазады Айбар Олжаев.

Бірақ медальдің екінші жағы да бар. Бізде әділдік көрсеткіші кедейдің баюынан емес, байлардың деолигархизацияға ұшырауынан жақсарып отыр. Негізі, байдың кедейленуі мен кедейдің баюы арасында қайсысын таңдайсың десе, мен кедейдің жағдайы көтерілуін таңдар едім. Себебі, осы бағыттың болашағы анық. Ресурстардың әділ бөлінуін қамтамасыз ете алса, Жаңа Қазақстан міндетті түрде осыған келетін болады.

1-ші кыркүйекте жарияланатын Жолдау Қазақстан экономикасын кемінде 0,5 пайызға арттыруы мүмкін. Оған сыртқа шыққан капиталдарды қайтару, экономиканың демонополизациясы мен олигархтардың халықпен бөлісе бастауы сынды президенттің батыл жүргізіп отырған бастамалары себеп болмақ. Одан бөлек, осы Жолдаудың біздің бюджетке 1 триллион теңге салмақ салатынын айта кету керек. Сол 1 триллион теңге көбіне халықтың жағдайын жақсартуға бағытталмақшы.

Негізі, 2023 жыл Қазақстанның қатты көтерілетін жылы болуы тиіс. Біз бюджет параметрлерін айқындап алдық. Келесі жылы 17,5 триллион теңге табамыз, 20,6 триллион теңге құртамыз. Бюджет дефициті 3,2 триллион теңге болады, оның 2,2 триллионын Ұлттық қордан аламыз. Қалған 1 триллионды Қаржы министрлігі құнды қағаздар сатып, табады.

Ұлттық қордан алғанымыздан, оған салатынымыз көп болуы тиіс. Монополистердің нарықтан кетуі, мұнай бағасының өсуі, олигархтардың ықпалдан айрылуы, рейдерліктің жойылуы, бізге көшіп жатқан шетелдік компаниялар — осының бәрі 2023 жылы экономикалық жаңғаруға жақсы негіз бола алады. Және оған — экономикаға оң көзбен қарап, инвесторлардың сеніміне ие болған Президент факторын қосу керек,

делінеді автордың жазбасында.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago