Categories: Қоғам

Жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері – депутат

Қай облысқа бармасаңыз, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Жердің иелерін тақтаға жазып қоюға кім кедергі?

Депутат Берік Дүйсенбинов:

Өскеменге барсаңыз жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі, Астананың маңы Шөкеевтікі. Оны айтуға қорқып отыр бәрі. Сіздің баяндамаңызда айтылған қайтарылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал ұстап отырған кісілерге жер жетпей жатыр. Осыны қашан қолға аласыздар?

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов өңірлердегі жерлердің басым бөлігі әлі күнге дейін әкімдерге тиесілі екенін айтып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне күмән келтірді. Алайда мінберде сұраққа жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев депутаттың бұл ойымен келіспейтінін жеткізді.

Әкімдерге тиіспей, жерлерді қорғап отыр дегенді мен қабылдай алмаймын. Себебі 5,2 млн гектар жерді қайтардық. Ол кімнің жерлері? Сол әкімдердің жерлері, олигархтардың жерлері. Ендігі жылы да 5 млн гектар жерді қайтарамыз. Ол жұмысты қазір жандандырып жатырмыз. Біз заңға сәйкес жұмыс істейміз. Бар жұмысты жоқ деп айтуға болмайды,

деп жауап берді министр.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago