Categories: Оқиға

ЖОО оқытушысы студенттен қомақты пара алу үстінде ұсталды

ІІМ мәліметінше, 20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушы қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұсталды.

Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады.

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,

делінген хабарламада.

Аталған бапқа сәйкес, осындай қылмыс жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago