Фото: globalnews.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналист Тоқберген Әбиевті кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалағаны үшін ұстады.
Тоқберген Әбиев бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр.
Өткен жылдың 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясынан 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Антикордың хабарлауынша, бұдан басқа Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды.
Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап еткен. Абиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы әдейі жаңылыстырған.
Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес. Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілетін болады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…