Қаңтар айының соңында қамау мерзімі екі айға созылған Михаил Козачков әлеуметтік желіде ел күтпеген мәлімдеме жасады. Ол аталған жазбасында қателескенін айтып, көлемді жазба жариялаған.
Козачков Facebook-те өзі қамауға алынған өткен жылдың 18 желтоқсанынан бері көптеген қызықты әрі жақсы адамдармен жүздесіп, өмірді жақсы жағынан түсіне бастағанын жазыпты. Сондай-ақ соттағы өз ісіне қатысты соңғы ақпараттарды бүкпесіз баяндап берген.
Өткен сенбіде айыптың өзгеруіне байланысты бұлтартпау шарасы өзгертілді. Мәліметтерді ашып айта алмаймын. Бірақ күдікті ретінде өткен мақалалар тізімі айтарлықтай қысқарды. Мысалы, менің істеген ісіме өкінуіме байланысты мен заңсыз жария еткен мемлекеттік құпияларды жария ету ісі тоқтатылды. Сондай-ақ тергеу барысында өз материалдарыма ақпарат жинап, мақалаларымды жариялай отырып, бірнеше рет заңды бұзғаным анықталды. Журналистика зерттеуімен айналысып, тынымсыз ізденіс үстінде жүріп, ылғи да шетте жүресің. Сөйтіп, мен бірнеше адамның жеке деректерін заңсыз жинап, таратып жібердім. Мен қателескенімді түсінемін, кейбір сәтте шындықтан алыстап кетіппін. Мен бұл үшін жауапкершілік алуға дайынмын,
дейді Козачков.
Сондай-ақ қамаудағы журналист бұл жазбасы арқылы өзінен зардап шеккендерден кешірім сұрапты.
Сот отырысының нәтижесіне қарамастан, менің жарияланымдарым үшін зардап шеккендерден: Алмас, Ольга және Алтай Әбдіғаппаровтардан, Зарина Ақшолақова және Әзім Абдуллаевтан, сондай-ақ олардың отбасыларынан шын жүректен кешірім сұраймын. Мен бұл азаматтардың журналист ретінде де, тұлға ретінде де құқықтарын бұзғанымды мойындаймын. Мен келтірілген залалды өтедім және олар маған кек сақтамайды деп үміттенемін. Менің жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты мақалаларым мен жарияланымдарым осы адамдардың барлығы үшін көптеген жағымсыз жағдайға әкелді. Осылай болғанына шын өкінемін. Мен бұлай болғанын қаламадым және ондай мақсатым болмады. Бірақ мен өзіме лайық нәрсені алдым. Айыптауды өзгерту үшін ешкімге қарсы айғақ берудің қажеті жоқ екенін атап өткім келеді,
деп жазды журналист.
Михаил Козачков дәл осы көлемді жазбасының соңында қиын кезде өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғысын да айтқан.
Журналист Михаил Козачков Елдос Коспаев ұйымдастырған қылмыстық топтың рейдерлік әрекеттерін жасауға көмектесті деген күдікке ілінген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…