Журналист Михаил Козачков екі айға қамалды

20 желтоқсанда Алматының тергеу соты тергеу органдарының Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарау аяқталды.

Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. 2023 жылға дейін күзетпен ұстау түріндегі санкция беру туралы шешім қабылдады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпия түрде жүзеге асырылғандықтан, тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды,

делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі Kozachkov offside Telegram-каналының авторы және «Время» газетінің журналисі Михаил Козачков ұсталды. Ол «Елдос Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікке ілінген.

Қаржы мониторингінің хабарына қарағанда, Қоспаевтың рейдерлік әрекетінен зардап шеккендерге журналист Козачков ақпараттық шабуыл жасаған және бұл үшін 52 миллион теңге алған.

19 желтоқсанда «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау қоры «Михаил Козачковтың құқықтары өрескел бұзылды, дереу босатылсын» деп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago