Журналист Михаил Козачков не үшін қамалды?

18 желтоқсанда Қаржы маниториң агенттегі журналист Михаил Козачковты ұстады. Оның адвокаты журналисті 48 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамағанын айтты.

Қандай күдікке іленген?

Журналист Михаил Козачков «Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының рейдерлік басып алу қылмыстық ісіне қатысы бар» деген күдікке ілінген.

Агенттіктің хабарлауынша, Козачков Қоспаевқа басып алу алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасауға көмектескен. Оған қоса ол бұрын құқық қорғау органында жұмыс істеген досы Бұрхан Жансейітовті іске тартқан: ол компрамат ақпарат жинаумен айналысқан. Екеуі қызметі үшін ұйымдасқан қылмыстық топтан 52 миллион теңге алған.

Сонымен қатар Козачков «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды бұзғаны үшін және көрінеу жалған ақпаратты, банктік, отбасылық және заңмен қорғалатын басқа да құпия деректерді таратқаны үшін айыпталған.

Қазір журналист уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Журналист Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, журналистің үйінде тінту жүргізілген. Алайда қауіпсіздік күштері оның адвокатын пәтеріне кіргізбей қойған.

Мамандар не дейді?

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Козачковтың ісіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, журналистің ісіндегі процессуал нормалар сақталмай жатыр. Оған қоса Қаржы мониториң агенттігінің аталмыш іс туралы пресс-релизі кінәсіздік презумпциясын бұзады.

Ал экономист Расул Рысмамбетов Козачковты тұтқындаудың басқа себептері болуы мүмкін екенін алға тартты.

Михаил Козачковтың біздің құқыққорғау органдарының күрделі этикалық мәселелері туралы материалдар жариялай бастаған кезінде оның дискредитациясы уақытша екенін түсіндім: «Жағдайды реттеуден гөрі әділ сын айтқан адамның аузын жабу оңайырақ» — бұл үнемі мемлекеттік құрылымдардың амалы болды,

дейді Рысмамбетов.

«Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Ілеуова журналистің ісіне қатысты ашық әрі жіті тергеу жүргізілуі керек екенін айтады.

Олар жексенбі кешке қамауға алыпты. Ешкім байқамай қалады деп ойлады ма? Ол көптеген адам туралы жағымсыз ақпарат жазды, бірақ біз білдік. Мемлекеттік органдардан біреу журналистпен есеп айырысатын болса, бұл мінез-құлықтың адекват нұсқасы деп ойламаймын. Оның үстіне қазір барлық қозғалыс жұртшылықтың жіті назарында және болады да. Ашық әрі объективті тергеу жүргізіледі деп үміттенемін,

деді ол.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago