Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың әкесі БАҚ өкілдеріне қарсы ішкі істер министрлігіне арыз жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«ГИПЕРБОРЕЙ» YouTube-арнасының авторы Вадим Борейконың хабарлауынша, Уәлихан Бишімбаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, бірнеше журналистер, блогерлер мен БАҚ өкілдерінің үстінен арыз жазған.
Уәлихан Бишімбаев Борейконың «Қуандық Бишімбаев ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, жауапкершіліктен құтылуы мүмкін» деген сөзін «оның ұлын, бүкіл отбасын көпшілік алдында қорлау» деп есептеді.
Учаскелік полиция қызметкеріне жазған түсіндірме хатында журналист айтылғанның бәрі оның жеке пікірі екенін түсіндірді.
Егер сот Бишімбаевты ақыл-есі кем деп танымаса, мен өз арнамдағы эфирде болжамым дұрыс болмағанын мойындаймын,
деп жазды Борейко.
Оның айтуынша, Уәлихан Бишімбаев өз мәлімдемесінде «блогерлер мен БАҚ өкілдерінің істің тергеу барысына қысым көрсетуінің нәтижесінде оның ұлына кісі өлтірді деген айып тағылғанын» жазған.
Бұл сөздер Бишімбаевтардың кінәсін мойындамайтынын және жауапкершіліктен жалтару үшін барлық шараларды қолданатынын көрсетеді. Журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылдар осы шаралардың бірі, енді олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…