Фото: ашық дереккөзден
Қате ақпарат таратқан журналист заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін.
Мәжілісте «Масс-медиа» туралы заң жобасы қаралды,деп хабарлайды Қазақстан телеарнасы.
Бұған дейін жалған ақпарат таратқандардың үстінен кез-келген уақытта, тіпті 10 жылдан кейін де шағым түсіру мүмкін болған.
Одан бөлек қаралып жатқан заңға сай мемлекеттік органдар журналистердің ресми сауалына 5 күн ішінде жауап берулері тиіс.
Сондай-ақ құжатта телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлесі реттеледі. Әзірге 60-та 40 пропорциясы қаралып жатыр. Дегенмен, депутаттар қазақ тілінің үлесін 70 ал орыс тіліне эфирдің 30 пайызын бөлуді ұсынып отыр.
Заң жобасында журналистерге баспасөз картасын әзірлеу мәселесі де бар. Қызу талқыланғаны да тап осы норма.
Карта әзірленсе ол өзге азаматтардың құқығын шектеуі мүмкін. Сондықтан екінші оқылымға дейін құжат қайта пысықталатын болды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…