Оқиға

Жыл басынан бері 140 бала терезеден құлады – ТЖМ

Жыл басынан бері елімізде 140 бала терезеден құлады. Оның 90 пайызы қайғылы жағдаймен аяқталған. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігінің статистикасы.

Соңғы кезде ойын баласына қатысты оқыс оқиғалардың жиілеуі жауапты мекемелерді де алаңдатып отыр. Ал сарапшылар енді еліміз халықаралық тәжірибелерге сүйеніп, бүлдіршіндер қауіпсіздігін күшейту керек екенін айтады.

Ақтауда орын алған оқиға орнына құтқарушылар дер кезінде келді. Абырой болғанда төрт жасар қыз дін-аман қалды. Жалпы өткен жылы елімізде 100-ден астам бала терезеден құлап, 25-і көз жұмған, деп жазады «Хабар24».

Біріншіден, мұндай оқиғалардың болу себебі – ата-аналардың дұрыс қарамауы балаларын, қараусыз қалдыруы, абайсыздығы. Барынша айтып жатамыз, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатады. Үйлерді аралаған кезде, өрт қауіпсіздігі бойынша акциялар кезінде барынша ата-аналарға соны ескертіп отырамыз. 1 жастан бастап жүруді үйренген балалар 1 жастан бастап құлауы мүмкін,

дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Терезенің арғы жағындағы көрініс балалар үшін қызықты әрі таңсық дүние. «Кішкентай зерттеуші» қоршаған ортаны тану мақсатында түрлі қауіпті әрекеттерге барады. Ойын баласының терезеден құлауына басты себеп – оңай ашылатын терезе.

Мәселен Америкада балалардың терезеден құлауына қарсы арнайы бағдарлама бар. Өткен ғасырдың 70-жылдары қолға алынған бұл жоба жазатайым оқиғалардың алдын алуды 50 пайызға азайтқан. Бұл тұрғыда қазақстандық сарапшылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы заңды күшейту керегін алға тартады.

Жұмысты қазірден бастау керек. Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу қажет. Баланың қауіпсіздігіне жауап беретін бірнеше бағыттағы арнайы ведомстволарды іске қосу маңызды. Олардың қызметі нақты айқындалса, келесі жылдың соңына дейін мәселенің 70 пайызы шешілер еді,

дейді ҚР БҰҰ Балалар қорының балалар өмірі бойынша бағдарлама үйлестірушісі Анна Стативкина.

Биыл елімізде арнайы норма бекітілді. Ол – балабақша мен мектептерде және тұрғын үйлерде құрылыс компанияларының терезеге блокиратор орнатуын міндеттейді.

Әзірге балалардың қауіпсіздігі мәселесі толығымен шешілмей тұр. Арнайы норма болғанымен, терезе қорғаныштарының сапасын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Өкімет бұл бағыттағы заңды қатаңдатса құба-құп.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago