Жыл басынан бері Алматыда 600-ден астам нысан өртенген

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Ерболат Төртқараев айтты.

ТЖД мәліметі бойынша, жыл басынан бері Алматы қаласының аумағында өрт санының өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға азайғаны байқалған. Мысалы, биыл 663 өрт оқиғасы тіркелген, оның ішінде 150 адам құтқарылды, қауіпті аймақтардан 651 адам эвакуацияланды, сонымен қатар, 2 млрд теңгеден астам соманың мүлкін өрттен сақтап үлгерген.

  • өрттің негізгі көлемі (54%, немесе 342 жағдай) жеке секторда болады.
  • электр құралдарын пайдалану мен монтаждау ережелерін бұзу – 188 жағдай
  • отпен ойнау (отқа байқаусыз, абайсыз қарау) – 62 жағдай
  • пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 38 жағдай
  • өрттің басқа себептері – 34 жағдай, өрт қою – 20 жағдай.

Біз қайғылы жағдайларға қатысты талдау жүргіздік, оның нәтижесінде көптеген өрт оқиғалары мен адамдардың газ иісінен улануы зардап шегушілердің жылыту аспаптары мен газ құралдарының пайдалану кезінде немқұрайлығынан болып жатады. Алматы қаласы бойынша қатты отынмен жылытылатын 2791 үй есепке алынды, өрт кезінде жанған азық-түліктен улану  саны 4 оқиға бойынша 10 адамды құрады,

деді Ерболат Төртқараев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago