Categories: Ғылым

Жыл сайын елімізге 200 шетелдік ғалым тартылады — Саясат Нұрбек

Жыл сайын бюджет есебінен 570 студент академиялық ұтқырлық аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына жіберіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасында білім беру иммиграциясы бағыты бойынша 5 іс-шара көзделген. Бұл тұрғыда академиялық ұтқырлық және шетелдік ғалымдарды тарту, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп филиалдар мен кампустар құру, сондай-ақ жоғары оқу орындарын аккредиттеу жүйесін жаңғырту ескерілген.

Жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен 570 студент академиялық ұтқырлық аясында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына оқуға (бір семестрге) жіберіледі. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының бюджеттен тыс қаражаты есебінен жыл сайын орта есеппен 1500 студент оқиды. Сондай-ақ, жетекші шетелдік ғалымдарды тарту жүзеге асырылып жатыр. Республикалық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын 200 шетелдік ғалым тартылады. Осы орайда бір семестрлік немесе ғылыми алмасу бағдарламасы ескерілген,

деді С. Нұрбек.

Сонымен қатар ол жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана ЖОО-лар әлемнің 82 елімен 5162 шарт аясында ынтымақтастықты жүзеге асырды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – студенттермен, оқытушылармен және ғалымдармен академиялық алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық бағдарламаларды іске асыру.

Қазіргі кезде еліміздегі 90-нан астам жоғары оқу орны 1500-ге жуық бірлескен ғылыми жобаны, 181 қос диплом бағдарламасын (білім алушылар саны 1380 адам) және 62 бірлескен білім беру бағдарламасын (білім алушылар саны 1251 адам) іске асырып жатыр,

деді министр.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago