Жыл соңына қарай инфляция 18% болуы мүмкін

2022 жылдың соңына таман инфляция 16-18% аралығында болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Ағымдағы алғышарттарды ескере отырып, 2022 жылдың соңына таман инфляция 16-18% аралығында болжанады. Бұл Ұлттық Банктің алдыңғы бағаларынан жоғары.

Сыртқы және ішкі азық-түлік нарықтарындағы бағалар динамикасын ескере отырып, бағаның өсуіне азық-түлік өнімдері негізгі үлес қосып жатыр.

делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, оң фискалдық серпін, жоғары сыртқы инфляция, теңгенің әлсіреуі мен логистикалық және өндірістік тізбектерді қайта құру аясында инфляциялық қысым байқалатын болады. Жоғары, тұрақсыз инфляция болуы мүмкін деген болжам қосымша фактор болады. 

2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды. ФАО индексінің астық өнімдеріне төмендеуі, 2022 жылғы инфляцияның жоғары базасы, Ресейдегі инфляцияның бұрын күтілгеннен де тезірек баяулауы инфляцияға тежеуші әсер етеді. 

2024 жылы жаңа сыртқы және ішкі күтпеген өзгерістер болмаған кезде инфляция 5,5-7,5% аралығында болады,

делінген хабарламада.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша мынадай шешімдер инфляцияның нақты серпінінің болжамды бағытына сәйкес келуіне және сыртқы орта мен ішкі экономикадағы қауіптердің қалыптасып отырған теңгеріміне байланысты қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме жөніндегі кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылғы 24 қазанда Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де жарияланады,

делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Соған сай, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15,5%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5% болады.

Жоғары инфляция ішкі бағалардың сыртқы баға өзгерістеріне бейімделуіне негізделген, бұл қазіргі кезеңде ақша-кредит талаптарын қосымша қатайтуды талап етпейді. Оған қоса, 2022 жылдың басынан бастап базалық мөлшерлеменің айтарлықтай артуының экономикаға әсері әлі де болса соңына дейін байқалмай отыр және шараларды түзету үшін кейіннен тиісті бағалау жүргізу қажет. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі қаржы нарығының орнықтылығын қамтамасыз ету және экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігін қолдау үшін жеткілікті,

деп хабарлайды Ұлттық банк.

Сонымен қатар Ұлттық банк нарықта мұнай бағасы осы жоғары қалпында қалатынын болжайды. Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша, жақын арада бензин мен өзге де энергия көздеріне бағаның жоғары болуына байланысты сұраныс аздап төмендеуі ықтимал.

Мұнай өндіру біртіндеп артады, бірақ бұл әсер Ресей мен Таяу Шығыс елдеріндегі әлсіз мұнай өндірумен теңестіріледі. Болжам бойынша, 2022 жылы Brent маркалы мұнай бағасы орташа есеппен 1 баррель үшін – 105,3 АҚШ доллар, ал 2023 жылы 1 баррель үшін – 90,3 АҚШ доллар болады,

деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк осы факторлар мен болжамдарды ескере отырып, базалық сценарий аясында Brent маркалы мұнай бағасын 2023 жылы ағымдағы деңгейден барреліне 90 АҚШ доллары және 2024 жылы барреліне 85 АҚШ доллары орташа белгісіне дейін біртіндеп төмендету траекториясы белгіленгенін хабарлады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

14 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago