Оқиға

Жылусыз қалған ауыл тұрғындары үйін тастап кетуге мәжбүр

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Мақат ауданына қарасты ауыл тұрғындарының дені – теміржолшы.

Қара суықта ауыл халқы отынның жоқтығынан жылусыз отыр. Өйткені әкімдердің көгілдір отынды қосамыз деген уәдесіне сеніп қалған. Шағын ауылдың тұрғындары 50-ге жеткенде жергілікті әкімдік іргедегі газ құбырынан ауылға көгілдір отын тартқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өмір бойы көмір жағып келген жұрт қуанғаннан бар ақшасын санап беріп, үйіне жағалай құбыр жүргізіп алыпты. Тіпті көмір пешін бұзып, үйіне жылыту жүйесін де орнатып тастаған. Алайда «қазан айында газ келеді» деп сендірген жауаптылардан сол күйі жауап жоқ.

Жылу берілгенше, «қазанның 15-іне дейін, ауылдарыңызға газ кіргізіледі, жүргізіледі» деп, әр үйге жүйесіне дейін кіргізіп қойды. 220 мың теңгеден үй басына ақша төледік. Енді міне, желтоқсанның он бесі болды, газ жүргізілген жоқ,

дейді ауыл тұрғыны Гүлсім Әділова.

Отынсыз отырған балалы-шағалы отбасылар амалсыз ауылдағы баспанасын тастап аудан орталығыннан үй жалдап жатыр. Ал от жағатын ескі пешін бұзбағандар тезек теріп, қалған-құтқан ағашты жағып жан сақтауда.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago