Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жылыту маусымы басталды.Энергетика министрлігінің хабарлауынша, ең алдымен, әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады.
Бүгінгі таңда жылыту маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% — ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% — ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8% — ы қосылған.
3 қазанда Алматы облысында; 10 қазанда Ұлытау облысында; 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылытуға қосылу күтілуде.
Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарлануда.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…