Categories: Қоғам

«Жыныстық зорлық-зомбылық анықталмады»: Бас әскери прокуратура Таразда көз жұмған сарбаз туралы

Бас әскери прокуратура қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық істің тергелу барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б .Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан,

деп атап өтті ведомство өкілдері.

Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық ықтимал зорлық-зомбылық белгілері тексерілді. Алайда бұл дерек расталмаған. Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды. Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды,

делінген хабарламада.

Бас әскери прокуратура өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылықты ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайтынын ескертті.

Еске салсақ, 2022 жылдың 19 тамызында Ұлттық қауіпсіз комитеті Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған болатын. 1 қыркүйекте сарбаз өліміне қатысы бар деген күдікпен әскери қызметкердің ұсталғаны хабарланды.

Кейінен аталған күдіктінің адвокаты С. Пралиев баспасөз мәслихатын өткізіп, асылып өлген сарбаздың аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті анықталғанын, алайда тергеу аталған деректі назарға алмай отырғанын мәлімдеп, қоғамдық резонанс туғызды. Кейіннен адвокат Сержан Пірәлиев қылмыстық істің деректерін жария еткені үшін жазалануы мүмкін екені хабарланды.

Жақында Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Бекбол Мираштың өлімінен кейін бірнеше қызметкердің қызметінен шеттелгенін мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago