Categories: Экономика

Жыртылған қағаз ақшамен не істейміз?

Сіз бен біз күнделікті тұрмыста сауда-саттық пен өзге де шаруаларды онлайн аударымдар арқылы шешіп жүрсек те, қолма-қол ақша айналымнан алынған жоқ. Төлем жүйелері толықтай дерлік цифрға өтіп жатса да, қағаз ақша қолданыста бола беретін шығар. Сондықтан, теңге банкноталары да, шетелдік купюралар да қолдан-қолға өте бермек.

Ал, қолда жүрген қағаз ақшаның бүлініп, болмаса, жыртылып, қиылып қалатын кезі бәрімізде болып тұрады. Осындайда нені білген дұрыс? Қалай әрекет ету керек? Осы сауалдарға Қаржылық сауат арнасы жауап жазды.

Теңге банкноталарына қарағанда, бүлінген шетелдік қағаз ақшаларды ауыстырып алу әлдеқайда қиындау екен. Бірінші себебі – ол ақшаны шығарушы банк шет елде орналасқан. Мысалы, Қазақстанда тұрып доллар немесе еуро купюрасын бүлдіріп алсаңыз, оны сізге Ұлттық банк ауыстырып бере қоймайды. Өйткені ол – өзге елдің ақшасы. Бұл сұраққа келгенде, Ұлттық банк теңгеге ғана жауапты саналады.

Алдымен, өзіміздің ұлттық валютамыз – теңге жайында, өз ақшамызды қалай ауыстырып алуға болатыны туралы білгенімізді айтайық.

Теңгедегі қағаз ақшаларды Ұлттық банктің филиалдарынан ауыстырып алуға болады. Бүкіл Қазақстан бойынша солай. Бірақ, бүлінген ақшаға қойылатын талаптары бар.

соның бірі – қолыңыздағы купюраның 50%-дан көп бөлігі жақсы сақталған болуы керек.

Сонда ғана Ұлттық банктің филиалына апарып, сараптама жасата аласыз. Ондағы мамандар алдымен банкнотаның шын ақша екенін тексереді. Ол жұмыстар біраз уақыт алуы мүмкін. Бірақ, сараптаманың өзі сіз үшін тегін болады.

Егер банкнота өз көлемінің кемінде 70%-ын сақтаған болса, оның номиналын көрсететін жазбаша және сан түріндегі цифрлар айтарлықтай бүлінбеген болса, ол төлемге жарамды ақшаға айырбасталады. Оларды екінші деңгейлі банктерге, Ұлттық банктің филиалдарына немесе «Қазпоштаға» барып ауыстырып алуға болады.

Енді шетелдік қағаз ақшаларға келейік.

Бұл ретте іс оңайлықпен тез біте қоймайды және банкнотаның өзіне қойылатын талап та қатаңдау. Қолыңызда бүлінген, күйген немесе жыртылған купюра бар делік. Ол доллар, еуро немесе басқа шетелдік ақша болуы мүмкін. Оны ауыстыру үшін екінші деңгейлі банктерді жағалауға тура келеді.

Бірақ, ол банк сол ақшаны жасап шығарушы шетелдік банкпен корреспонденттік байланыста болуы маңызды. Яғни, сіздің ақшаны олар сол эмитент-банкке жолдайды. Ол қызмет сіз үшін ақылы болады. Комиссияны уәкілетті банктің өзі дербес белгілейді. Бірақ оның сомасы айырбастауға ұсынылған банкнотаның номиналды құнының 10 пайызынан аспауға тиіс. Қазақстандық банктің эмитент-банкпен жасасқан шарты бар ма, жоқ па – оны банктердің call-орталығынан біле аласыз. Егер растаса, бүлінген банкнотаны алып сонда барасыз.

Екінші мәселе – қағаз ақшаның қиылған бөлшегінің көлемі 1 шаршы сантиметрден аспауы керек. Егер аспаса, қиылған бөлігі сол банкнотаның өзіне тиесілі болса, ол заңды төлем құралы деп танылады. Ал, шетел купюрасы бел ортадан бөлініп, сосын ол желімделген болса онда айналымға жарамсыз болып шығады. Сізден алып жіберілген купюраны шетелдік банк айырбастаудан бас тартса, еліміздегі уәкілетті банк клиентке сол жауапты растайтын тиісті құжаттарды ұсынуға міндетті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago