«Өзі жақсы көретін орманы мәңгілік мекеніне айналды»

Әлеуметтік желіде Миргүл Жылқышинова Абай облысында қаза болған орманшының бірі – Мейрамгүл Жиенбаева жөнінде естелігін бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Мейрамгүл Жиенбаева Миргүл Жылқышинованың туысымен бірге Семейде бір университетке оқыған екен.

Менің туған қалам Семейде қайғылы жағдай болып жатыр. Орман өрті 14 адамның өмірін қиып кетті. Солардың ішінде жалғыз бойжеткен – Мейрамгүл. Ол менің туысыммен бірге университетте оқыған. Семей орманында олар бірге тәжірибеден өткен. Менің туысым тұрмысқа шықты да, Астанаға көшіп кетті. Ал Мира орман шаруашылығына барып, шаруашылықтың басшысы қызметіне дейін өсті,

дейді ол.

Миргүл Жылқышинова Мейрамгүлдің өте еңбекқор болғанын еске алады.

Басқаша болуы мүмкін емес те еді. Өте жауапты, еңбекқор әрі ештеңеден қорықпайтын. Ол нәзік болса да мойнына ердің жүгін арқалап, Семейіміздің тұмса табиғатын, тал-тоғайын, қарағайын жақсы көретін. Ол өзінің сенімді командасымен бәрін еңсереміз деп ойлаған… Мира соңғы рет байланысқа шыққан кезінде төбеден келетін өрттің ортасында қалғанын хабарлапты. Ол орманды жақсы көретін, мәңгілік сол орманда қалды. Мейрамгүл ерлік жасады,

дейді ол.

Мейрамгүл Жиенбаеваның артында ұлы мен қызы қалды.

Еске сала кетейік, Еске сала кетейік, Абай облысындағы өртпен күрес бірнеше күннен бері әлі жалғасып жатыр. Алғашында 14 адамның жоғалып кеткені жөнінде ақпарат тараған. Үш адамның көз жұмғаны белгілі болған. Кейін 11 адамның денесі табылды.

Абай ауданында өрт әлі де жалғасып жатыр. Ал президент Тоқаев кеше Абай облысына барып, марқұмдардың туған-туыстарымен кездесті. Бас прокуратура оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық қаралы күн.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago