Өзін де, өзгені де қауіпке тігеді. Министр жол апаты туралы

Үкімет отырысында қала сыртындағы трассаларда жол қауіпсіздігі туралы мәселе қарастырылды.  Министр Марат Ахметжановтың айтуынша, ең ауыр жол апаттары көбінесе қала сыртындағы трассаларда орын алады.

Автожолдарда қаза болу фактілері 69-пайызды құрайды.

  • Жамбыл (91%),
  • Солтүстік Қазақстан (88%),
  • Жетісу (86%),
  • Алматы (83%),
  • Атырау (81%),
  • Ақмола (80%),
  • Түркістан (72%),
  • Павлодар (70%),
  • Қызылорда (70%)

Министрдің айтуынша, Жамбыл облысынан өтетін «Батыс Еуропа — Батыс Қытай», «Алматы – Ташкент», Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан өтетін «Орал-Атырау» автожолдарындағы жағдай өте қиын. Осы облыстардағы қаза болу фактілерінің 64%-ы дәл осы учаскілерде орын алған. Негізгі себептер – қарсы жүріс бағытына шығу және жылдамдықты арттыру.

Жыл сайын елімізде 13 мың жол-көлік оқиғасы тіркеледі. 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мың адам жарақат алып отырады.

Жаз мезгілінде «Алматы-Екатеринбург» автожолының Жамбыл мен Қарағанды шекарасындағы учаскесінде апаттан 21 адам қаза тапты. Тек өткен демалыс күндері 70-тен астам оқиға тіркеліп, 21 адам қаза тауып, 84 адам жарақат алды.

Қала сыртындағы жолдардың қауіпсіздігіне – жол бойындағы инфрақұрылым әсер етеді. Өкінішке орай, жол бойында кэмпингтер, демалыс орындары, тамақтану пункттері көбінесе жоқ. Осыған байланысты, жүргізушілер көлікті ұйқысыз және демалыссыз басқаруға мәжбүр. Осылайша, олар өзін де, өзгені де қауіпке тігеді,

деді Марат Ахметжанов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago