Categories: Оқиға

«Зорлаған, өлтірген»: Ақтөбеде 19 жасар қыздың жұмбақ өлімі

Ақтөбеде 19 жасар қыздың жұмбақ өліміне қатысты тергеу басталды. Қыздың жақындары оны екі жігіт зорлап, артынан өлтірген деп болжап отыр. Ал полиция «өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Марқұмның туыстары сенбейді. Әділеттілік іздеген олар «Немолчи» қоғамдық қорынан көмек сұрап жазған. Олар болған жайтты толықтай жазып, қызды зорлап, артынша өлтірген дейді.

Өлімнің екі нұсқасы бар:

Қызды екі жігіт зорлап өлтіруі мүмкін. Олардың бірі – қыздың әскерден жаңа келген сыныптасы, екіншісінің кім екені белгісіз. Екінші нұсқа бойынша, зорлау болмаған, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сыныптасымен бір пәтерде болған қыз 7-қабаттан құлап кеткен.

Осы уақытқа дейін сараптама қорытындысы шықпаған, қыз жер қойнына тапсырылғанымен, өліміне қатысты мүлдем ақпарат жоқ. Кімнің өтірік, кімнің шындықты айтып отырғаны белгісіз.

Арада бірнеше күн өткен соң, қыздың өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталып отыр. «Немолчи» қорының парақшасындағы видеоға қарасақ, сол күні белгісіз жігіт дәл сол үйден шығып бара жатқанын көруге болады. Ол кіреберістегі есікті аша салысымен, камераның бар-жоғын тексергендей, алаңдап кідіргені байқалады. Артынша ізін суытты. Қазір дәл сол жігіт күдікті ретінде ұсталды.

видеодан алынған

Оған енді екі бап бойынша айып тағылып отыр. Зорлық жасады және өлімге итермелеу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге де ақпарат жарияланбайды. ҚР ҚК 105-бабы, өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу және ҚР ҚК 1-бөлігінің 120-бабы – зорлау бойынша қылмыстық іс тіркелді,

деді Ақтөбе қаласы ПБ бастығының орынбасары Ерболат Масақбаев.

19 жастағы бойжеткеннің кісі қолынан өлгеніне туыстары сенімді. Өйткені қыз құлаған пәтерде қан іздері бар. Ал марқұмның үстінде футболкадан басқа киім болмапты. Оқыс оқиға болар күні бойжеткен жақын досымен бірге болыпты. Сол танысы зорлық көрсетіп, артынша қылмысын жасыру мақсатында балконнан лақтырып жіберуі мүмкін. Қазір тәртіп сақшылары күдіктіні тергеп, қыздың жетінші қабаттан секіріп кетуіне не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago