Өйткені 2024 жылы бір АЕК 3 692 теңге болады.
Жылдамдықты 10–20 км/сағ асырғаны үшін салынатын 5 АЕК айыппұл 18 460 теңге болады, деп ескертеді kolesa.kz.
Жүргізушілер белдік тақпаса, көлік тоқтату ережесін бұзса және шлем тақпаса дәл осындай мөлшерде айыппұл төлейді.
Жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтсе, 10 АЕК (2024 жылы 36 920 теңге) айыппұл арқалайды.
Жаяу жүргіншіге жол бермеген, жылдамдықты 20–40 км/сағ асырған, мүгедектерге арналған тұраққа көлік қойған азаматтар да 36 920 теңге айыппұл төлейді.
Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын ең жоғары айыппұл — 50 АЕК (184 600 теңге), жүргізуші куәлігінен айырылған адам рөлге отырса, қазынаға дәл осындай мөлшерде ақша құяды. Сондай-ақ ол 10 тәулікке қамалады. Оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші де осынша айыппұл арқалайды немесе бір жылға көлік басқару құқығынан айырылады.
Дәстүрлі мотормен жүретін автомобиль үшін көлік салығы да қымбаттайды, өйткені ол да АЕК-ке байланысты.