Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
26.09.2023
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
26.09.2023
Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
25.09.2023
Алматы облысы мәдениет және архив басқармасында басшы ауысты
25.09.2023
Сириядан соғысқан Ұлытау тұрғынына үкім шықты
25.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
Білім

Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 20.04.2023
Обновлено 20.04.2023 в 02:04
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

Соңғы күндері аттестаттаудан өте алмай, сағы сынған мұғалімдердің жанайқайы көбейді. Орал қаласының өзінде бір күнде сыннан өткен 50 педагогтің 49-ы сүрінген екен. Күніне 10 мұғалім тапсырса, олардың бірі ғана аман-есен өтеді. Қалғандарының өкініштен өзектері өртеніп, жылап шығып жатқандарын көріп жүрміз. Бұлардың көпшілігі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жүрген тәжірибелі мамандар бола тұра, тиісті межеден көріне алмағаны қалай деген сұрақ туады, деп жазады Егемен Қазақстан.

Себепсіз салдар болмайды деген бар. Өзіміздің неден сорлап жатқанымызды біліп отырмыз. Бұған себеп – ағылшын тілінен сөзбе-сөз, сапасыз аударылған оқыту әдістемесі екені анық. Біреулер санаттаудың жаңа ережесі енгізілгелі аттай 5 жыл өткен жоқ па деуі де мүмкін. Солай екені де рас. Бірақ бастапқы кезде оқыту әдістемесінің шекті балы көңілге қонымды болды. 2021 жылы педагог-шебер санатын алу үшін әдістемеден 30 тест тапсырмасының 14-ін шешсе жеткілікті еді.

Кейін жағдай біртіндеп өзгере бастады. Сол кездегі Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың көктемінде талапты жоғарылатып, педагог-модератор – 18, педагог-сарапшы – 21, педагог-зерттеуші – 24, педагог-шебер 27 балл жинауы керек екенін құлаққағыс қыла бастады. Бұл өзгерістердің салдары жақсы болмайтыны айдан анық еді. Алайда мұғалімдердің өтінішін құзырлы органдар менсінбеген.

Келесі жылы оқыту әдістемесінің шекті балы тағы өзгерді. Бұрын педагог-модератор болу үшін 30 тапсырманың 9-ын шешу жеткілікті болса, енді 12 балл жинау қажет болды. Педагог-сарапшының ұпайы 11-ден 15-ке өзгерді. Педагог-зерттеушінің балы 12-ден 18-ге көтерілді. Педагог-шеберлер енді 30 балдың 21-ін алуы шарт болды.

Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылдың күзінде мұғалімдердің өз пәнінің тест тапсырмасының дистракторын азайтып, бір жауапты етті. Ал әдістеменің 30 балдық тапсырмасын 20-ға түсіргенмен, шекті балы күрт көтерілді. Ендігі жерде педагогтер оқыту әдістемесінен мынадай межені бағындыру қажет болды: педагог-модератор – 20/12, педагог-сарапшы – 20/14, педагог-зерттеуші – 20/16, педагог-шебер – 20/18.

Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, екі жылдың ішінде талап екі есе жоғарылады. 2021 жылы педагог-зерттеуші методикадан 30 балдың 12-сін, яғни, 40 пайызын жинауы керек болатын. Қазір 20 тапсырманың 16-сының дәл жауабын көрсетіп, 80 пайызын білуі керек.

Бұл әрекетті педагогтерге жасалған қиянат деген дұрыс болар. Өйткені мұғалімдер бірінші кәсіби жетістіктері жинақталған портфолио тапсырады. Соның өзіне де қойылып отырған шарттар жеңіл емес. Оқу-ағарту министрлігі аттестаттауды мейлінше сараптап, жүйелі, ақылға қонымды етіп жүргізсе дейміз. Қысқасы, ағылшын тілінен шалағай аударылған эклектикалық әдістемені алып тастап, педагогтерге кәсіби жетістіктері мен өз пәні бойынша теориялық білімінің нәтижесі негізінде санат беру керек.

Адамның барлық жағынан жолын жауып, мүмкіндіксіз қалдыруды әлеуметтануда «депривация» дейді. Қазіргі мұғалімдердің біліктілік санатын көтеруге қойылып отырған талап осыған жақындап қалған сияқты.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Руханият
Сая Манарбековна 20.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
2 Комментарии
  • Салтанат:
    21.04.2023 в 15:43

    Қайырлы күн, әдістеме бойынша сұрақтар тікелей аударылған, жаңылтпаш сияқты жүз рет оқысаңыз да мағынасын түсіру қиын. Сұрақтар көпше түрде қойылған, бірақ жауап нұсқасы біреу ғана. Сол тесттерді ұсынып отырған адамдар өздері сол сұрақтарға жауап бере алар ма екен…

    Ответить
  • ФАРИДА:
    24.07.2023 в 16:56

    Мен сарапшыға тапсырып тұрып модкрвтлрдың балын жинадым . Кезегім келіп өтіп отырмын. Бұрынғы бірінші категоридағы мұғаліммін. Мені енді педагогқа түсіріп тастайды ма или модератормен жүремін бе? Және модератор болсам ақшасы төлене ме модератордың?

    Ответить

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
  • Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
  • Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
  • Алматы облысы мәдениет және архив басқармасында басшы ауысты
  • Сириядан соғысқан Ұлытау тұрғынына үкім шықты

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ЖемқорлықОқиға

Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды

26.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады

26.09.2023
Қоғам

Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

25.09.2023
Білім

Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды

22.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?