Categories: Қоғам

1 маусым — балаларды қорғау күні

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күнді мереке ретінде атап өту 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған.

Халықаралық балалар күні кейбір елдерде басқа күні мерекеленеді. Мәселен, Малайзияда қазан айының соңғы сенбісінде, Оңтүстік Корея мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада балаларды қорғау күні 16 маусымға белгіленген.

«International Children’s Day 2023: Date, History, Activities & Gift Ideas» мақаласында әлем елдерінде балалар күнінің қалай тойланатыны туралы қызықты ақпарат берілген. Дүние жүзінде 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күні қалай тойланады?

Германияда балалар күні Kindertag деп аталады. 1950 жылдан бастап тойланатын бұл мерекені неміс балалары асыға күтеді. Бұл күні балалар ата-аналарынан құттықтау естіп, сыйлықтар алады. Сонымен қатар экскурсияларға, мектептегі арнайы іс-шараларға қатысады.

Қытайда 1 маусым күні эксклюзивтік спектакльдер ұйымдастырылады және бірнеше туристік бағыттар, мейрамханалар мен кинотеатрлар тарапынан балаларға жеңілдіктер жасалады. Мерекеге орай ересектерге, соның ішінде үкіметтік мекемелерде жұмыс істейтіндерге балаларымен көбірек уақыт өткізу үшін демалыс беріледі.

Вьетнам балалары бұл күні ойын ойнап, хайуанаттар бағына барады. Кейбір ата-ана балаларын сүйікті мейрамханасына апарып тамақтандырады. Балалар мектептерде өтетін арнайы ән мен би шоуларына да қатысады. Оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға мұғалімдері сыйлық беріп, марапаттайды.

Польшада халықаралық балаларды қорғау күні ерекше күн болып саналады. Мектептерде спорттық ойындардан тұратын арнайы іс-шаралар жоспарланады. Ата-аналар балаларымен көбірек уақыт өткізуп, сүйікті тағамдарын дайындайды немесе ойыншықтар, тәттілер сыйлайды. Балалар күнінде поляк отбасылары табиғат аясында тамаша демалыс ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

1994 жылы Қазақстанда балалар құқығын қорғау конвенциясы қабылданды. Елімізде балалардың құқығын қорғауға арналған мынадай заңдар қарастырылған:

  • ҚР Конституциясының 27 бабы бойынша отбасы және балалар мемлекет қорғауында болады.
  • «ҚР балалар құқығы туралы» Заңында балалардың өмірін және денсаулығын қорғау, олардың ар-ожданына қол сұқпау, қажетті өмір сүру деңгейі, білім алу, балалардың мүліктік құқығы, мемлекеттік көмек және демалыс, бос уақытын өткізу сынды құқықтары бекітілген.
  • ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексінде кәмелет жасына толмаған балалардың құқығын қорғау баптары енгізілген.

Жалпы Қазақстан балалардың құқығын қорғауға қатысты халықаралық құжаттардың барлығын дерлік ратификациялаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago