Солтүстік Корея өзінің алғашқы спутнигін ғарышқа сәтсіз ұшырды

Баллистикалық зымыран орта жолда жарылып, теңізге құлады. Оңтүстік Корея әскері зымыран жарқыншақтарының Сары теңізден табылғанын растады.

Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжин Солтүстік Кореяның ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады.

Солтүстік Корея БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарларын айқын бұзды. Сондай-ақ Корей түбегінің және бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретін әрі  сорақы арандатушылық саналатын «спутник ұшыру» деген сылтаумен ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшырды. Біз аталмыш елдің бұл қадамын айыптаймыз. Солтүстік Корея келіссөз үстеліне қайта отырып, сабасына түседі деген үмітіміз бар,

деді Пак Чжин елімізге сапары барысында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Онтүстік Корея әскері құлаған зымыран жарқыншақтарын тексеріп, талдау жүргізді. Талдауға сәйкес, зымыран расымен де ғарыштық спутникті ұшыруға арналғандығы анықталды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago