1 наурыз сағат 00:00-ден бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.
Осылайша, ел аумағында 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.
Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа шегеріледі.