Фото: ашық дереккөзден
ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлерінің мөлшерін орта есеппен 14,5%-ға арттыру көзделген:
Осылайша, жоғарыда аталған жәрдемақы түрлерін 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғайту қамтамасыз етіледі (осы жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өсуді ескере отырып). Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 37 млрд теңге бөлінді.
Бұдан басқа, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақыларды 14,5%-ға арттыру көзделген:
Бүгінде бұл жәрдемақылардың мөлшері 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейін немесе 2023 жылы 56 794 теңгені құрайды.
Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезде жәрдемақы мөлшері 2023 жылы 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейіне немесе 65 313 теңгеге дейін артады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 6,4 млрд теңге бөлінді.
Әлеуметтік кодексте сондай-ақ «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді.
Егер бүгінде 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алса, енді 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап «Алтын алқа», «Батыр Ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, яғни 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылады.
Сонымен қатар осы жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5% артады.
Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілетінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.
Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің шешімімен олардың мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылды.
Жоғарыда көрсетілген жәрдемақылардың мөлшерін арттыру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүргізілетін болады, осыған байланысты алушылардың уәкілетті органдарға қосымша өтініші талап етілмейді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…