Categories: Cалық

Әділет министрі заңсыз активтерді елге қайтару туралы айтты

Министр ел басшылығының ерекше бақылауында заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселесі тұрғанын жеткізді.

Тиісті заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірледі. Заң жобасының негізгі мақсаты – ҚР аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою. Заңға жеке және заңды тұлғалардың шектеулі тобы жатады деп болжанып отыр.

Министр атағандай, активтерді қайтару жөніндегі шаралар тізбесі заңда белгіленетін субъектілермен үлестес тұлғаларға қолданылады.

Осылайша, заң ірі сыбайлас жемқорлыққа (grand corruption) және республикалық және жергілікті деңгейлердегі әкімшілік-билік ресурстары субъектілерімен біріктірілген олигополиялық топтарға қарсы пәрменді шаралар енгізеді,

деді Азамат Есқараев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

8 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

8 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

8 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

8 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

10 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago