Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Маңызды

1 шілдеден бастап не өзгереді?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 30.06.2023
Обновлено 30.06.2023 в 12:06
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Сенбіден бастап Қазақстан халқын көптеген өзгерістер күтіп тұр.

Жәрдемақы көлемі өседі

1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5 пайыз өседі. Осы мақсаттарға респбуликалық бюджеттен қосымша 41 миллиард теңге бөлінген.

  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға;
  • мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға).

Сондай-ақ 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелегені үшін наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі.

Сонымен қатар осы жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша  әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 14,5%-ға арттыру көзделген.

Жоғарыда көрсетілген жәрдемақылардың мөлшерін арттыру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүргізілетін болады, осыған байланысты алушылардың уәкілетті органдарға қосымша өтініші талап етілмейді.

Еңбекақы көбейеді

Елдегі соңғы табиғи апаттарға байланысты орманшылар айлығын да көтеру жоспарға қойылды. Осылайша биыл 1 шілдеден бастап олардың еңбекақысы өседі, сонымен қатар материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 процентке жаңарту көзделіп отыр. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, елдегі орман шаруашылығына 8,1 миллиард теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 миллиард теңге қарастырылған.

Күш құрылымдары зейнетақы жинағын ала алады

Биыл ішкі істер органдарында жұмыс істеп, зейнетке шыққан азаматтарға да ерекше қолдау көрсетіліп отыр. 1 шілдеден бастап олар зейнетақы қорындағы ақшасын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге толықтай шешіп алуына болады.

Себебі, күш құрылымдарында жұмыс істеген зейнеткерлердің зейнетақысы азаматтық зейнеткерлерге қарағанда едәуір жоғары. Осылайша олардың зейнетақыларының бар болуын есепке ала отырып, зейнетақы жинақтарын толығымен алуға мүмкіндік берілді. Зейнеткерлерге арналған ипотекалық бағдарламалар болмаса да күш құрылымдарының зейнеткерлері көбіне 45 жастан зейнетке кетіп жатады. Зейнетке шыққаннан кейін басқа азаматтық қызметтерде де жұмыс істей алады. Яғни, олардың жасы 45-тен асқан бірақ 63 жасқа жетпеген. Сонымен қатар олардың кез келген ипотекалық кредиттері болуы мүмкін. Жинақтарды пайдалана отырып соны жабуға мүмкіндік туады.

Электр энергиясы мен жылу қымбаттайды

1 шілдеден бастап елімізде электр энергиясының тарифтері өседі. Энергетика министрлігі дайындаған құжатта қымбаттау алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықпен байланысты екені түсіндірілген. Өйткені отынның құрамдас бөлігі 17% деңгейіне дейін қамбаттауы болжанып отыр. Соған сай кейбір өңірлерде 10 пайыздан басталып, 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар тарифті өсіру есебінен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында еңбек ететін дәнекерлеуші, сантехниктердің еңбекақысын көтеру қажеттігі ескерілмек.

Сонымен қатар дәл осы күннен бастап Алматылық тұрғындар үшін жылу бағасы 20 пайызға көтеріледі. Халық үшін жылумен жабдықтау қызметтері құнының өсуі 20% – 5 839,23 теңгеден 7 007,08 теңгеге дейін/Гкал, бизнес үшін 30% – 12 870,44 теңгеден 16 731,57 теңгеге дейін/Гкал құрайды. Негізгі жүктеме бюджеттік ұйымдарға жүктеледі, мөлшерлеме 36% -ға — 25 698,42 теңгеден 34 971,84 теңгеге/Гкал-ға дейін ұлғаяды.

Такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейді

1 шілдеден бастап елдегі такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлей бастайды. Десе де бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылады. Сондықтан Қаржы министрлігі бұған тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылап отыр. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табысының 1 пайызын алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар. Мемлекеттік кірістер комитеті жобаны алғашында такси жүргізушілеріне сынап, кейін жеткізу қызметкерлерін қосатынын атап өтті.

Темекі мен ішімдік бағасы қымбаттайды

Елімізде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап темекі мен ішімдік бағасы да қымбаттамақ. Қаржы министрлігі бұйрыққа қол қойды. Соған сай 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – 710 теңге; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу ұсынылды.

Министрлік түсіндіргендей, бағаның өсуіне темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесінің 14%-ке ұлғаюы, импортталатын шикізат пен материалдардың қымбаттауы, логистиканың едәуір күрделенуі және инфляция себеп болып отыр.

Сондай-ақ бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрық та осы күні күшіне енеді. Осылайша 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

  • арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.
  • коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.

Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы келесідей болмақ:

  • арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;
  • коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.

Кедейлік шегі өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 19 мамырдағы «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» бұйрықты бекітті. Соған сай 1 шілдеден бастап кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болмақ. Яғни 2023 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге. Тиісінше, кедейлік шегі 28 397 теңге болады. Бірақ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі орташа табыстың 50% мөлшерінде айқындалады.

Газ қымбаттайды

Шілде айынан бастап елімізде автогаз бағасы өседі. Алайда бұл Павлодар мұнай-химия зауытында болатын жоспарлы жөндеуге байланысты емес. Министрліктің шешіміне қандай да бір жолмен сұйытылған газбен айналысатын өндіруші компаниялар, қайта өңдеу зауыттары, логистикалық компаниялар, сақтау парктері әсер еткен.

Экономикалық рентабельділікке сәйкес, бүкіл әлемде бензин мен сұйытылған газ арасындағы құнның айырмашылығы 30% болуы тиіс, ал Қазақстанда бүгінгі күні ол 70%-ға жетеді. Көрші елдерде де автогаз Қазақстандікінен қымбатырақ. Ресейде оның құны литріне 120 теңгеге жуық, ал Өзбекстан мен Қырғызстанда 200 теңгедей.

Соған байланысты 1 шілдеден бастап көтерме баға 20%-ға қымбаттайды. Әрі бөлшек сауда бағасының 4-6 теңгеге өсуіне әкеледі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жойылады

1 шілдеден бастап еліміздегі Халықты жұмыспен қамту орталықтары жойылады. Оның орнына Еңбек мобильдігі орталықтары құрылмақ. Бүгінде өңірлерде дәл осындай 207 орталық бар.

Осылайша еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылады. Ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтарына айналады әрі қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады.

Шілде айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар шілде айында 11 күн демалады. Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде — сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге — жұма күніне ауыстырылды.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.

Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Сая Манарбековна 30.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?