1 қыркүйекке дейін әкелінген қандай көліктер заңдастырылмайды?

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктердің қайсы заңдастырылмайтыны белгілі болды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев мәлімдеді.

Қазір уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар заңнамалық актілерге шетелден әкелінген автокөліктерді азаматтардың өзі үшін қолайлы жағдайда заңдастыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізіліп, жүргізу тетіктері әзірленіп жатқаны айтылды.

Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, мұндай автокөліктер туралы мәліметтерді ІІМ белгіленген мерзімнен кейін әкелінген автокөліктерді заңдастыруды болдырмау үшін жинақтайды.

2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін Қазақстанға әкелінген автокөліктерден басқа мынадай автомобильдер заңдастырылмайды:

  • криминалдық есеп бойынша іздеуде жүрген;
  • заңдық немесе сот тарапынан шектеулері бар;
  • бұрын тіркелген елдегі есептен белгіленген тәртіппен алынбаған;
  • басқару органдары оң жақта орналасқан;
  • тіркеуден немесе толық кедендік тексерістен өтпеген;
  • көлік иесінің тіркеу және құқық белгілейтін құжаттары жоқ.

Оған қоса, “криминалдық” автокөлікті тіркеуді болдырмау мақсатында көлік бойынша ақпарат бұрынғы тіркелген елдердің құқық қорғау және кеден органдарымен салыстырылады.

Жандос Мұратәлиев азаматтарды Қазақстанда автокөлікті тіркеу және пайдалану мүмкіндігі үшін автокөлік сатып алу кезінде заңнаманы сақтауға, олардың заңды “тазалығын” міндетті түрде тексеруге шақырды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы жолдауында Үкіметке осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды тапсырған еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago