2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы 1 наурызға дейін қазақстандық жүргізушілер қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті.
Бұл туралы Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты. Ол техникалық регламент талабы осындай екенін атап өтті. Оған бағынбағандарға айыппұл қарастырылған.
Қыста Алматы жолдарында жүргізуші жазғы дөңгелекпен жүрсе, полицейлердің оған айыппұл салуға құқығы бар. Мұндай заңбұзушылық алғаш рет жасалса, 17 250 теңге (5 АЕК) айыпұл, ал бір жыл ішінде тағы осындай құқықбұзушылық жасалса, оған 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұл салынады.
Ресми өкіл қыс жақындап қалғанын атап өтіп, жүргізушілерге ескерту жасады.
Қыс жақындап қалды. Сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қаладағы барлық көлік қысқы дөңгелекке ауысуға тиіс. Бұл — қауіпсіздік талабы. Мегаполисте алғашқы жауын-шашын басталғаннан кейін хаос басталады. Өйткені, жүргізушілер қысқа дайын болмай жатады,
деді Салтанат Әзірбек.