Categories: Оқиға

10-сынып оқушысының соққыдан жүрегі тоқтап қалды

Алматы облысының Кеген ауданындағы Саты ауылында 10-сынып оқушысы көз жұмды.

Оқиға 11 сәуір сағат 23:00 шамасында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 10 және 11-сынып оқушылары арасында кикілжің туған. Жоғарғы сынып оқушылары «үлкендік» жасап, мәселені шешу үшін кешке 10-сыныптың оқушыларын өзен бойына кездесуге шақырады, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Ұрды деген баламен сөйлесіп едім, «аға, мен ұрмадым. Қараңғы еді, өзім түсінбей қалдым» деді. Екі бала да өнегелі отбасында өскен. Балалардың арасында төбелес болмаған. Өзара сөзбен шешпек болған,

дейді Саты ауылының әкімі Рүстем Әлімов.

Сол жерде болған балалардың айтуынша, күдікті марқұмның кеуде тұсынан ұрған, ол шалқалап барып құлаған. Жасөспірімді қасында тұрған балалар тұрғызбақ болған. Алайда Мирастың жүрегі тоқтап қалған. Жанұшыра жүгірген жасөспірімдер ауыл мейірбикесі мен үлкендерді көмекке шақырған. Бірақ бәрі кеш болған.

Қайтыс болған Мирас Әскербайдың әкесі ауылда электрик, анасы мектепте қызмет етеді. Жасөспірімді өлтірді деген күдікке ілінген 17 жастағы оқушының әкесі де еңбекқор жан, нан пісіріп сататын азамат екен.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті оқушының қамауға алынғанын хабарлады. Бұл дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалады, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бүгін Мирастың денесі жер қойнына тапсырылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago