Categories: Білім

Алғашқы әскери дайындық пәнінің атауы өзгереді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АЭТД) пәнінің атауы өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігі білім алушыларда әскери іс негіздері бойынша қажетті білімді, іскерлікті, төтенше жағдайларда қажет дағдыларды игеруді қалыптастыру үшін АӘТД пәнін «Бастапқы әскери дайындық» пәні деп өзгерту жұмыстарын жүргізуде.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында құрамында практик-мұғалімдер, жетекші ғалымдар, әдіскерлер қатарынан 300-ге жуық әзірлеуші бар жұмыс топтары қолданыстағы бағдарламаларды жетілдірумен айналысуда», — деп жазылған жауапта.

Соның ішінде АӘТД пәнінің қолданыстағы бағдарламасы да жетілдіріліп жатыр.

«Оқу бағдарламалары жетілдірілгеннен кейін АӘТД пәнін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының мазмұны қайта қаралатын болады», — деп жазады Үкімет басшысы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

5 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

1 день ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago