Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Биыл білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтінім түскен. Құжаттар 13-22 шілде аралығында қабылданды.
10 тамызда білім гранты иегерлері тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми Telegram-каналында және республикалық БАҚ беттерінде жарияланады,
делінген министрлік каналында.
Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға берілетін гранттар саны көбейді. Көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан және ерекше білім беруді қажет ететін балалар грантқа көбірек ие болады. Сонымен қатар, ауыл жастары мен ҚР азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері үшін квота қарастырылған.