Оңтүстік Кореядағы қайғылы оқиға құрбандарының саны 155-ке жетті.
Елдің ішкі істер министрлігі құрбандардың жасына қатысты жаңа мәліметтер ұсынды. Оған сәйкес, қаза тапқандар:
10-20 жас – 12 адам;
20-30 жас – 103 адам;
30-40 жас – 31 адам;
40-50 жас – 8 адам;
50 жастан асқан – бір адам.
Сығылысу кезінде 14 елден келген 26 шетел азаматы қаза тапқан. Олардың арасында Қазақстан азаматы, 26 жастағы студент Мәдина Шерниязова да бар. Ол Оңтүстік Кореяның жеке университеттерінің бірінде магистратурада оқыған. Бүгін оның денесі туған жері Ақтөбеге жеткізіледі.