Биыл 11 ай ішінде көрсеткіш соңғы үш жылдан да жоғары.
- 2020 жылы – 115
- 2021 жылы – 422
- 2022 жылғы 11 ай – 465
Деректерді Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығына сілтеме жасай отырып, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.
Ал қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім көрсеткішінде төмендеу бар. Биылғы 11 айда мұндай 27 528 оқиға тіркелген. Ал өткен жылы 41 775 дерек тіркеліп, өте жоғары мәнге (салыстыру үшін 2020 жылы – 29 426) ие болған.
Денсаулық сақтау министрлігі өлім көрсеткішін азайту мақсатында ел тұрғындарына алғашқы көмек көрсету бойынша оқу шараларын жүргізеді.
Бұл топқа: ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қарулы күштердің әскери қызметшілері, Ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары, ұлттық гвардия әскері, өрт сөндіру, апаттық-құтқару қызметінің жұмысшылары кіреді.